22 сәуір күні мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты көрме ұйымдастырылды.
Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Қазақстан халықтары өзара түсіністік пен барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуде бейбіт өмір сүруде. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі байланыстарды нығайтуға, түрлі этнос өкілдерінің арасында ашық диалог орнатуға, елде тұратын халықтың жетістіктерін көрсетуге арналған.