«Оқуға құштарлық мектеп» жобасы аясында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған 9-11 сынып оқушыларымен TED – Конференция өтті. TED-конференцияда мектеп парламентінің президенті – Волуевич Артем, пікірсайыс қозғалысы фракциясының жетекшісі – Сабиев Олжас, спорт фракциясының жетекшісі және СӨС – Рудницкий Максим сөз сөйледі.

Қаныш Имантайұлының ғылыми мұрасы шын мәнінде орасан зор. Ол әлемде алғаш рет металлогендік болжам карталарын жасады. Біз әлі күнге дейін пайдаланып жүрген байлықтарды ашты. Қаныш Сәтбаев өзінің табандылығымен қысқа уақыт ішінде соғыстың қиын жылдарында ғылым академиясының 11 институтының ашылуына қол жеткізді. Оның геология саласындағы ғылыми зерттеулері мен жаңалықтары елдің индустриясының дамуына айтарлықтай әсер етті. Сәтбаев сонымен қатар Қазақ КСР Ғылым Академиясының бірінші төрағасы болды. Оның есімін Қазақстандағы көптеген ғылыми мекемелер мен көшелер аталды.

Қосымша ақпарат көздері