15 наурыз – «Қайырымдылық» күні

Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген.

Ауылдық округінің әкімі Семенюк О.Н., Полтавка орта мектебіне Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту Министрлігінен, «Қазақстан халқы» қоғамдық қорынан Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама -2024» қайырымдылық жобасы бойынша 2 жолдама табыс етті.

@qazaqstanhalqyna

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

Қосымша ақпарат көздері