26 қазан күні мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы » республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында «Жас Ұлан» қатарына бастауыш және негізгі мектеп оқушылары қабылданды. Олардың барлығы патриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, үлкен жауапкершілікті өз мойнына алатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ниетті. Мектеп директоры Ж.Б. Әшірбекова жасұландықтарды шын жүректен құттықтап, мектептің қоғамдық өміріне және тамаша оқуына табыс тіледі.