16 қазан – Нан күні

Біздің мектепте Халықаралық нан күніне арналған нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Нан – үйдегі молшылық пен жақсылықтың нышаны. Қиын-қыспақ, соғыс, зобалаң кезеңдерде талай адам бір үзіммен амалдап, жан баққаны туралы тарихи деректер де аз емес.Біздің халқымыз нанды ас атасы деп қасиет тұтып, «Нанды аяққа баспа, жерге тастама, киесі атады» дейтін тәлімдік терең мағыналы ұғым қалыптастырды.Заман өзгеріп, көптеген дәстүрлер көмескі тартса да нанға деген құрмет əрқашанда сақталды. Нанды қастерлеу үрдісі əлі күнге дейін жалғасып келеді. Нан көптеген еңбек пен техникалардың күші арқылы астық өсіруден бастап, өнім жинаудан – ұн мен өнім өндіруге дейінгі ұзақ жолдан өтіп, біздің дастарханымыздан орын алады. Сондықтан нанның да өз мерекесінің болуы заңдылық.

Қосымша ақпарат көздері