1 мамыр күні мектебімізде маңызды оқиға орын алды — бізге жұмыс сапарымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Уәлиев Данияр Серікұлы, «Қызылжар Абай мектебі» корпоративтік қорының президенті Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлы және «Полтавское» ЖШС директоры Зикирин Ерлан Ельтаевич келді.
Біз құрметті қонақтарды қуана қарсы алдық. Экскурсия барысында оларға оқу кабинеттері, кітапхана, мұражай, спорт залы, асхана және шағын орталық таныстырылды.
Сапар барысында қонақтар оқушыларымыздың жетістіктерімен, оқу мен тәрбие үдерісіндегі инновациялық тәсілдермен танысты. Әсіресе, кабинеттердің жабдықталуына және мұғалімдер мен оқушылар қалыптастырған жылы атмосфераға ерекше назар аударылды.
Мектеп әкімшілігімен кездесуде ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Мұндай кездесулер шабыттандырып, әрі қарай дамуға серпін береді. Қонақтарымызға мектебімізге көрсеткен қызығушылықтары мен жылы лебіздері үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай сапарлар жаңа жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз!
Первого мая наша школа стала местом важного события — с рабочим визитом нас посетили директор Назарбаев Интеллектуальной школы Уалиев Данияр Серикович, Президент корпоративного фонда «Қызылжар Абай мектебі» Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлы и директор ТОО «Полтавское» Зикирин Ерлан Ельтаевич. Мы с радостью встретили почётных гостей. В ходе экскурсии были представлены учебные кабинеты, библиотека, музей, спортивный зал, столовая, мини-центр.
Во время визита гости смогли познакомиться с достижениями наших учеников, инновационными подходами в обучении и внеурочной деятельностью. Особое внимание было уделено оснащению кабинетов, а также атмосфере, которую создают наши педагоги и учащиеся.
В ходе общения с администрацией школы были обсуждены перспективы сотрудничества. Подобные встречи вдохновляют и дают мощный импульс для дальнейшего развития. Мы благодарим гостей за проявленный интерес и теплые слова в адрес нашей школы. Такие визиты вдохновляют на новые достижения!
