Аширбекова Жумабике Бейсембековна
Туған жері: с. Жаңа Ауыл, Ленин ауданы, Көкшетау облысы
Туған күні: 14 қазан 1966 жылы
1983 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданындағы Чистяков орта мектебін бітірді. 1983-1984 жылдары Көкшетау облысы Ленинград ауданындағы Чистяков орта мектебінде вожатый болып жұмыс істеді.
1984 – 1989 ж.ж. Қ.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында физика-математика факультетінде физика-математика мамандығы бойынша оқиды.
Еңбек жолын 1989 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданындағы Полтавка орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1991 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы, Полтавка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1997 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданындағы Полтавка орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Полтавка орта мектебінің директоры.
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі, 2018 ж. (Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті)