«Оқуға құштарлық мектеп» жобасы аясында «Оқы, талқыла, сурет сал!» атты оқу-ойтолғау өтті. Оқушылар қызығушылықпен өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, әсерлерімен бөлісіп, сюжеттерді талқылады. Шараның соңында шығармашылық тапсырма орындалды – балалар оқыған кітаптарынан алған әсерлерін суреттер арқылы бейнелеп, сүйікті ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салды.
