«Мектепке дейінгі жас-ойнау уақыты» тақырыбына семинар – практикум өтті.

18 қазанда «Полтавка орта мектебі» КММ шағын орталығында «Мектепке дейінгі жас-ойнау уақыты» тақырыбына семинар – практикум өтті.

Семинардың мақсаты: ойынның маңызды педагогикалық құрал ретінде маңыздылығын көрсету және оны мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттерін дамыту үшін барынша тиімді қолдануға үйрету.

Семинар барысында жұмысқа оң көзқараспен қарау мақсатында «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындардың маңызы» тренинг өткізілді. Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту процесінде ойындарды қолдану тәжірибесін көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Мектеп жасына дейінгі балалармен қазақ тілін үйрену процесінде Қазақ ұлттық ойындарының қолданылуын көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымның мектепке бармайтын балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесуін қалай жақсартуға болатындығы туралы ақпарат пайдалы болды.

Қосымша ақпарат көздері