1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және қаржылай көмек көрсету және әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету.
Бес санат бойынша:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) жан басына шыққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балалары;
3) отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының коллегиалды органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Білім беру ұйымының коллегиалды басқару органы қамқоршылық кеңесі болып табылады.
Біздің мектепте 17 оқушыға материалдық және қаржылық көмек көрсетіледі.