2024 жылдың 13 наурызында мектепте педагогикалық ұжыммен педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау Ережесінің жобасын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Жиын барысында мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа форматының философиясы талқыланып, жаңа Ереженің жобасында ұсынылған негізгі өзгерістерге тоқталды. Енгізілген өзгерістер мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына, өздігінен білім алуына және мансаптық өсуіне ықпал етеді.