29 ақпанда біздің мектепте Алғыс айту күніне арналған ақпараттық дайджест өтті. Оқушыларға мереке тарихы туралы ақпарат жеткізілді, «Қазақстан – бақыт мекені» деректі фильмі көрсетілді. Балалар бұл мереке көпұлтты ел халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі екенін білді. Бұл күні ел тұрғындары бір-біріне және қазақтарға төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс айтады.