2023 жылдың ақпан айында кәсіптік бағдар беру апталығы аясында 7-11 сыныптар арасында «Кім жылдам және дәл» тақырыбында ребустар мен кроссвордтардың командалық ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: шығармашылық ойлауды және топтық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Ойынның нәтижесі: ойын барысында балалар мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, мамандықтардың алуан түрлілігін еске түсірді, мамандықтар әлемі туралы білімдерін бекітті. Топпен жұмыс жасау арқылы мамандық туралы жағымды эмоциялар алды. Соңында достық жеңді.