Бүгін мектеп жанындағы «Күн» сауықтыру алаңында «Алаңда демаламыз, спортты ұмытпаймыз!» ұранымен күн өтті.
Тақырыбы: «Салауатты тәнде – салауатты рух!»
Шуақты таң көңілді жаттығумен басталды. Балалар дене жаттығуларын орындап, бойларына жағымды қуат алды. Олар спорттық ойындарға белсене қатысты.
«Спорт туралы не білесің?» атты спорттық викторина өтті. Балалар спорт және спортшылар жайлы көптеген тың әрі қызықты мәліметтермен танысты. Ең үздік спорт білгірлері анықталды.
Күн соңында оқушылар арасында шахмат пен дойбыдан турнир ұйымдастырылды. Бұл турнир ойлау қабілетін белсендіреді, есте сақтау, зейін, тапқырлықты дамытып, логикалық ойлауды жетілдіреді.
Сұлулық, үйлесімділік пен денсаулыққа қол жеткізу үшін ғылым мен өнер саласындағы біліммен қатар, өмір бойы дене жаттығулары мен спорттық ойындармен айналысу қажет.

