Бүгін мектеп жанындағы «Күншуақ» сауықтыру алаңында «Мамандықтар күні» өтті.
Балалар мамандықтар туралы жұмбақтарды шешіп, тақырыпқа байланысты танымдық бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар, түрлі мамандықтармен таныстыратын қызықты саяхат-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара өте мазмұнды өтіп, балалардың қызығушылығын арттырды әрі жаңа білім алуға мүмкіндік берді.
