8 ақпанда мектеп түлегі 9-10-11 сынып оқушыларымен «Менің мамандығым» тақырыбында әңгімелесті.
Кездесудің мақсаты: оқушыларды оқу орны туралы ақпараттандыру. Неліктен ол осы оқу орнын таңдады, оның ерекшеліктері қандай.
Қорытынды: «ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» таныстырылды. Курсант оқу орны, онда дайындық жүргізілетін мамандықтар, түсу нұсқалары және оқыту нысаны туралы айтып берді. Сондай-ақ, оқушыларға студенттік өмір туралы презентация мен қызықты бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар қандай емтихандарды тапсыру керек, олимпиадаларға қатысу арқылы оқуға түсу кезінде қосымша балл алуға бола ма, оқуға түсу кезінде қандай нормативтерді тапсыру керек деген сұрақтарға қызығушылық танытты.