Елімізде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу.
Акцияға кез келген адам қатыса алады: волонтерлар, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қазақстандықтар көмек көрсетіп қана қоймай, оған жүгіне алады.
Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы жеке тізімдері жасалған. Өз кезегінде барлық қамқор азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады.