Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 10-сынып оқушыларымен «Кәсіби бейімділікті анықтау» тақырыбында сауалнама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сай болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт беру. Сауалнама нәтижесінде оқушылар өздерінің кәсіби бейімділіктерін анықтап, қандай салаға икемі бар екенін талқылады.

